Министр диқандардың мәселесін шешіп беретін болды

Министр диқандардың мәселесін шешіп беретін болды

Министр диқандардың мәселесін шешіп беретін болды
ашық дереккөзі
20195
Түркістан облысына іс-сапармен келген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Сарыағаш ауданында болып, Келес ауданындағы шаруалармен кездесті. ҚазАқпараттың жазуынша, Алпамыс батыр ауылдық округінің егістік жерлеріне ағын су жеткізетін басына барған министр, шаруалардың мәселелерін тыңдапты. Шаруалардың мәселесін талқылауға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев пен Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық және аудандық филиалы басшылары мен мекеме басшылары қатысты. Ауыл тұрғындарының айтуынша, су құбырының Ақжол ауылына дейінгі бөлігінен Сарыағаш ауданының біршама жер иелері суды заңсыз алуда. Нәтижесінде Ақжол ауылындағы диқандарға су жетпей, диқандар су алу үшін келісілген шартқа күдікпен қарап отыр. Былтыр 450 га жер иелері келісімшартқа тұрғанымен «Ащынау» каналынан лимитпен босатылған ағын судың егіс алқабына 50% мөлшері ғана жеткен. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аталған су құбыры арқылы «Қазсушар» РМК-сы тарапынан жеткілікті мөлшерде су жеткізіп беретін болса, 900 га-дан астам жерді игеруге мүмкіндік бар екенін жеткізді. Өз кезегінде министр М.Мырзағалиев пен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев мәселе орынды көтеріліп отырғанын айтып, «Қазсушар» РМК мамандарына тапсырма берді. Келес және Сарыағаш ауданын әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде жұмыс тобын құрып, су құбыры бойындағы заңсыз су алушыларды анықтауды және Алпамыс батыр ауылдық округінің егіс алқабына қажетті мөлшерде су жеткізіп беру мәселесін шұғыл шешуді тапсырды. Министр Мырзағалиевтің іссапары Келес ауданында жалғасып, аудан аумағынан өтетін Өзбекстан Республикасына тиесілі Солтүстік Ташкент каналының (СТК) бүгінгі жағдайымен танысты. Солтүстік Ташкент каналы (СТК) көрші елден басталып, Келес ауданының 20 шақырым аумағынан өтеді. 2922 га суармалы жерді ағын сумен қамтамасыз етеді. Бұл каналдың бүгінгі таңда Өзбекстан мемлекетінің меншігінде болуына байланысты аудандық немесе облыстық бюджет есебінен механикалық тазалаудан өткізуге қаржы бөлуге мүмкіндік болмай отыр. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев шекара белгіленген бойда каналдың Қазақстан тарапындағы бөлігі қараусыз қалғанын жеткізіп, аталған мәселені Республика деңгейінде шешілуін және оған министр тарапынан ықпал жасауды сұрады. Өз кезегінде Мағзұм Маратұлы көрші елдің делегациясымен келіссөздер жүргізу мақсатында керекті құжаттар мен мәліметтерді беруді аудан әкіміне тапсырды.

Серіктес жаңалықтары