Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барды

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барды

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барды
ашық дереккөзі
318
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады. "Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі, сонымен қатар Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болады", - деп жазды Айдос Үкібай. ​Соңғы бес жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге 16 рет барды. Өткен жылдың желтоқсанында Назарбаев ЕАЭО Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өткен ЕАЭО саммитіне қатысты. Сондай-ақ, Елбасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде болды.  

Серіктес жаңалықтары