Бюджет қаражатын игере алмай жатқан министрліктер қайсы?

Бюджет қаражатын игере алмай жатқан министрліктер қайсы?

Бюджет қаражатын игере алмай жатқан министрліктер қайсы?
ашық дереккөзі
Ведомстволар ішінде бюджет қаражатын игере алмай жатқандардың басында Ұлттық экономика министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, – деп жазды ҚазАқпарат. Әлихан Смаиыловтың айтуынша, жергілікті бюджеттердің өз кірісі 174 млрд теңгеге артығымен орындалып, 559 млрд теңге болып отыр. Барлық өңірде кірістердің жоспары артығымен орындалған. Мемлекеттік бюджет шығысы 96,5 пайызға, республикалық 97,1 пайызға, жергілікті бюджеттер 96,9 пайызға атқарылған. «Республикалық бюджет шығысы – 2 трлн 102 млрд теңге. Бюджет қаражаты 62 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 10 млрд теңгесі – үнемделген қаржы. Ал игерілмеген сома 52 млрд теңге. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 23 млрд теңгеге төмен», – деді ол. Әлихан Смаиылов ең ірі игерілмеу сомасы Ұлттық экономика (15,6 млрд теңге), Ұлттық қауіпсіздік комитеті (8,3 млрд теңге), Білім және ғылым (4,7 млрд теңге), Әділет (4,6 млрд теңге), Мәдениет және спорт (4,2 млрд теңге), Ішкі істер (3,3 млрд теңге) министрліктерінде қордаланғанын айтты.