Коронавирус: дзюдодан олимпиадалық іріктеу турнирлері тоқтатылды

Коронавирус: дзюдодан олимпиадалық іріктеу турнирлері тоқтатылды

Коронавирус: дзюдодан олимпиадалық іріктеу турнирлері тоқтатылды
ашық дереккөзі
20131
Халықаралық дзюдо федерациясы коронавирус эпидемиясына байланысты дзюдодан өтетін барлық олимпиадалық іріктеу турнирлері уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.  Қазақпараттың жазуынша, IJF күнтізбесіндегі 30 сәуірге дейінгі Олимпиадалық лицензиялық турнирлер кейінге қалды. Айта кетейік, кейінге қалған жарыстар қатарында Екатеринбургтегі (Ресей) Grand Slam, Тбилиси (Грузия) мен Анталиядағы (Түркия) Гран При турнирлері бар. IJF ережесіне сәйкес, Grand Slam жарысында жеңімпаздарға 1000 ұпай берілсе, екінші орын жеңіп алған татами шеберіне 700 ұпай, ал үшінші орын алған балуанға 500 ұпайдан беріледі. Гран При кезеңінде жеңімпаздарға әлем рейтингінде 700 ұпайға, күміс жүлдегерге 490, қола жүлдегерге 350 ұпайдан қосылады. Сәйкесінше, дзюдошылар Олимпиада ойындарына әлемдік рейтингтегі ұпайларына сай қатыса алады

Серіктес жаңалықтары