1081
Шетелдік валюталарды сатып алуға шектеу қойылды
Шетелдік валюталарды сатып алуға шектеу қойылды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ағымдағы міндеттемелерге қатысы жоқ шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салынатынын айтты.
ҚазАқпараттың жазуынша, Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» қорына, басқарушы холдингтерге бұрынғы жеткізілген келісімдерге сәйкес, өздерінің валюта нарығындағы іс-қимылын Ұлттық банкпен келісуді тапсырды.
«Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері бақылауды және тиісінше үйлестіруді қамтамасыз етсін. Ағымдағы міндеттемелерге қатысы жоқ шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салынсын», – деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы басым емес жобаларды іске асыру мерзімін кейінге ауыстырып, бюджет шығысының басымдықтарын қайта қарау қажеттігін ескертті.
«Қаржы министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 апта мерзімде ұсыныстар енгізсін», – деді Премьер-Министр.