Моңғолияда коронавирус жағдайы тіркелді

Моңғолияда коронавирус жағдайы тіркелді

Моңғолияда коронавирус жағдайы тіркелді
ашық дереккөзі
Моңғолияда коронавирустың алғашқы жағдайы Дорноговь аймағында тіркелді, – деп жазды ҚазАқпарат. Инфекция жұқтырған азамат 2020 жылдың 2 наурызында Моңғолияға Мәскеу-Улаанбаатар бағытына қатынайтын ұшақпен келген. Ол – бұл елде уақытша тұруға тіркелген 56 жастағы Франция азаматы. Одан алынған алдын ала зерттеулер нәтижесінде оның «COVID-19 « вирусын жұқтырғаны анықталды. Сырқат қазіргі уақытта Дорноговь аймағының Улаанбадрах сұмынында (ауыл) орналасқан «Арева» (моңғолша «Бадрах энержи») компаниясының ғимаратында оқшауланғаны жайлы ресми дереккөздер мәлімдеп отыр. Оқшауланған француз «Арева» компаниясында жұмыс істейді. Бүгін таңертеңгі сағат 6-да Төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссия басшысы, Премьер-министрдің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшиннің кеңсесінде шұғыл жиналыс өткізіп, науқаспен әуе рейсінде, қонақ үйлер мен пойызда бірге болған азаматтарды анықтады. Жол қатынастарын келер дүйсенбіге дейін тоқтауға шешім қабылдады. Бұл жөнінде Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі арнайы комиссияның бастығы, премьер-министрдің орынбасары Өлзийсайханы Энхтүвшин айтты. «Алдын ала болжам бойынша азамат коронавирус жұқтырған. Алайда қайтадан тест тапсырып, растаймыз. Егер жағдай ауырлайтын болса, Еуропаға ұшатын әуе рестерінің барлығын тоқтатамыз», – деді ол.