315
Валюта айырбастауға мораторий жарияланғаны рас па – Ұлттық банк түсініктеме берді
Валюта айырбастауға мораторий жарияланғаны рас па – Ұлттық банк түсініктеме берді
Ұлттық банк әлеуметтік желілерде айырбастау пунктеріне қатысты тарап жатқан ақпараттың жалған екенін хабарлады.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылып жатқан 2020 жылдың 10 -13 наурызында айырбастау пунктеріндегі шетелдік валюта операцияларына мораторий жарияланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, желілер арқылы таратылып жатқан құжатта Ұлттық банк төрағасының қолы мен банк мөрі, нөмері жоқ. Ұлттық банктің ресми бланкісінің үлгісі басқа.