Доллар бағамы 420 теңгеге дейін шарықтады

Доллар бағамы 420 теңгеге дейін шарықтады

Доллар бағамы 420 теңгеге дейін шарықтады
ашық дереккөзі
479

Әлемде мұнай бағасының құлдырауы елімізде доллар құнын шарықтатып жіберді. Қазақстанның айырбастау нүктелерінде АҚШ валютасының бағамы 420 теңгеге дейін көтерілді. 

Мәселен, бүгін таңертең доллар 390-нан 420 теңгеге дейін сатылды, деп хабарлайды kurs.kz сайты.

доллар

Скриншот kurs.kz сайтынан

Айта кетерлігі, бүкіл әлемде қауіпті індет - коронавирустың өршуі әлемдік нарықта мұнайдың артылып қалуына әкеліп соқты.

Жұма күні, 6 наурызда ОПЕК-ке мүше елдер қара алтын өндірісін азайту үшін басқа өндірушілермен келісуге тырысты, бірақ тараптар келісімге келмеді.

Атап айтқанда, Ресей өндірістің қысқаруына қарсы болды, деп хабарлады шетелдік БАҚ бұған дейін.

Серіктес жаңалықтары