Facebook-те медициналық маска жарнамасына тыйым салынды

Facebook-те медициналық маска жарнамасына тыйым салынды

Facebook-те медициналық маска жарнамасына тыйым салынды
ашық дереккөзі
282
Коронавирустың таралуына байланысты алыпсатарлыққа жол бермес үшін Facebook медициналық маскаларды жарнамалауға тыйым салды. Бұл туралы Facebook өнімдер менеджменті бөлімінің басшысы Роб Летерн Twitter-дегі парақшасында мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат. «Біз бетке арналған медициналық маскаларды сату туралы жарнамалар мен коммерциялық хабарламаларға тыйым саламыз. Covid-19 вирусының таралуын мұқият қадағалаймыз және осы төтенше жағдайды пайдаланып кетуге тырысатын адамдарды көрсек, саясатымызды өзгертіп отырамыз. Біз келесі күн ішінде осы шешімді орындауды бастаймыз», - делінген хабарламада. Еске сала кетсек, бетперде тапшылығы мәселесі бойынша Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов түсініктеме берген еді. Оның айтуынша, медициналық маска бойынша отандық өндірушілер тәулік бойы жұмыс жүргізіп жатыр. Алайда инфекция қаупіне байланысты оған сұраныс та артқан. ҚР ДСМ «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаевтың мәлімдеуінше, елімізде бір адамға 10 данадан артық медициналық маска сатылмауы мүмкін.  

Серіктес жаңалықтары