Ауруханада жатып ішімдік ішкен: Қарағандыда карантинге жабылғандар жазаланады

Ауруханада жатып ішімдік ішкен: Қарағандыда карантинге жабылғандар жазаланады

Ауруханада жатып ішімдік ішкен: Қарағандыда карантинге жабылғандар жазаланады
ашық дереккөзі

Қарағандыда карантинге жабылған азаматтар жазаланбақ. Бұған себеп қытайлық індет емес, олардың ауруханада жатып  ішімдік ішуі. Бұл туралы "31 арнаның " "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасы хабарлады. 

Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметінше, Қарағандыда 23 адам карантинде жатыр екен. Олардың барлығы да жақында Біріккен Араб Әмірліктерінен оралған азаматтар. 4 наурыз күні Дубай-Нұр-Сұлтан бағытымен ұшып келген азаматтардың жанында екі қытайлық болыпты. ҚХР азаматтары бірден өз елдеріне депортация жасапты. Ал қазақстандықтар болса, Қарағандыда орналасқан госпитальға жатқызылған. Қытайлықтардан да, қазақстандықтардан коронавирус табылмапты. Аурудың белгілері де жоқ екен. Десек те, қарағандылықтардың бойында жұқпалы індет емес, азаматтық жауапкершіліктің төмендігі байқалған.  Медициналық қызметкерлер карантинде жатқан азаматтардың ішімдік ішкенін әшкере етіпті. Айта кетерлігі, коронавирус көбіне иммунитеті төмен адамдарға жұғады, ал алкоголь өнімдері дәл осы иммундық жүйенің қызметін бәсеңдету қасиетіне ие.  Қандарының құрамында алкоголь анықталған азаматтар жауапкершілікке карантиннен босатылған соң тартылады.