281
Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды
Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды
Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды.
Қаланың Жамбыл көшесіндегі апат орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде тарап кетті.
«46 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзін нашар сезініп, рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Audi автокөлігімен соқтығысқан. Осыдан жедел жәрдем автокөлігі оң жаққа аударылған», - деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Жедел жәрдем көлігінде жүргізушімен бірге фельдшер мен медбике болған. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ. 46 жастағы жүргізуші қаладағы үшінші қалалық ауруханаға жеткізілді, медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасы бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.