261
Түрмеде гүл өсірген сотталушы әйелдер колониясына сый жолдады
Түрмеде гүл өсірген сотталушы әйелдер колониясына сый жолдады
Шығыс Қазақстан облысында қатаң тәртіптегі колониядағы сотталғандар әйелдер колониясына 8 наурыз мерекесіне гүл жолдады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталғандар колонияда жазасын өтеп жатқан әйелдерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Естеріңізге сала кетейік, қатаң режимдегі колонияда 13 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушы жылыжайда 8 наурыз күніне орай гүл өсірген болатын. Ол жылыжайда гүл өсіру үшін тамаша жағдай жасап, күн сайын гүлдерді талабына сай күте отырып, оларды жоспарланған күнге қарай өсіріп үлгерді.
“Сотталғандар мекеме әкімшілігіне гүлдерді жазасын өтеп жатқан әйелдерге жолдап, әйелдерді құттықтағысы келетіндерін айтты. Гүлдермен бірге аскөк, ақжелкен, пияз, сарымсақ пен қызанақтарды да жіберді, оларды да өз қолдарымен жылыжайда сотталғандар өздері өсірді”, – дейді мекеме бастығы Мақсат Сейтахметов.
Сотталғандардың айтуынша, олар бұл идеяны бір ауыздан дұрыс деп тауып, туған-туысқандарын құттықтауды және осы әдемі тірі гүлдермен темір тордың арғы жағындағы әйелдерді де қуантқысы келіпті.