332
Бұдан былай елімізде 14 жасқа толмаған балалар тіркеуге тұрмайды
Бұдан былай елімізде 14 жасқа толмаған балалар тіркеуге тұрмайды
Елімізде енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұдан кейін 14 жасқа толмаған балаларды тұрғылықты мекенжайға арнайы тіркеудің керегі болмайды. Енді баланың ресми өкілі қайда тұрса, ол сонда тұратын болып саналады.
Бұрын Қазақстандағы көші-қон заңнамасының ережесі 14 жасқа толмаған балаларды тұрғылықты жері бойынша міндетті тіркеуді немесе келген жеріне уақытша тіркеуді талап ететін, деп хабарлады Polisia.kz.
Енді Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес, 14 жасқа толмаған балалардың немесе қамқоршының қарауында болатын басқа да азаматтардың тұрғылықты жері автоматты түрде олардың заңды өкілдерінің мекенжайымен бір болып танылады.
Енгізілген өзгерістерден кейін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында баланың тұрғылықты мекенжайын анықтау үшін ақпараттық жүйеден ата-анасының бірінің тұрғылықты мекенжайда тіркелгені туралы ақпарат алуы тиіс, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілев.
Көші-қон қызметінің дерегі бойынша жыл басынан бері басқарма қызметкерлері азаматтарды тіркеуге қатысты 4 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсеткен.