Парламент депутаты коронавирустен көз жұмды

Парламент депутаты коронавирустен көз жұмды

Парламент депутаты коронавирустен көз жұмды
ашық дереккөзі
186
Жаңа шақырылған Иран Парламентіне кіруге тиіс депутат Фатима Рахбар коронавирустен қайтыс болды, – деп жазды РИА Новости. Ирандық БАҚ-тардың хабарлауынша, Рахбар биыл 21 ақпанда өткен 11 шақырылымдағы парламент сайлауының қорытындысы бойынша Тегеран өкілі ретінде таңдалып алынды. Ол бұған дейін 7,8,9 шақырылымдарда да депутаттыққа сайланған болатын. Иран билігінің мәліметінше, коронавирус туралы алғаш рет хабарлаған 19 ақпаннан бастап елде 4747 жұқтыру оқиғасы тіркелген, оның 124-і өліммен аяқталған. Коронавирус Иранның барлық провинцияларында тіркелді. Ең көп тіркелген аймақ – Тегеран. Иранның билігі вирустың таралуын шектеу үшін бірқатар шаралар қабылдауда.

Серіктес жаңалықтары