Елбасы Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлады Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз қызметі.
Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей-Түркия келіссөздерінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесудің кестесін талқылады.
Әңгіме соңында тараптар биыл Қазақстан-Ресей саяси байланыстарының нығая түскенін атап өтті.