«Gее Вее» халықаралық турнирі: қазақстандық боксшылардың барлығы жартылай финалға өтті

«Gее Вее» халықаралық турнирі: қазақстандық боксшылардың барлығы жартылай финалға өтті

«Gее Вее» халықаралық турнирі: қазақстандық боксшылардың барлығы жартылай финалға өтті
ашық дереккөзі
287
Хельсинкиде (Финляндия) бокстан «Gее Вее» халықаралық турнирі басталды. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Қазақстандық спортшылардың барлығы жартылай финалға шыққанын хабарлады, – деп жазды ҚазАқпарат.  63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ділмұрат Мижитов франциялық қарсыласы Уго Грауды жеңді. 91 келі салмақта рингке шыққан Тоғамбай Сағындық швед боксшысы Виктор Олсоннан басым түсті. 57 келі салмақ санатындағы Қайрат Ералиев армениялық Артур Газарянды жеңіп, жартылай финалға шықты. 69 келі салмақта жұдырықтасқан қазақстандық Асланбек Шымбергенов моңғолиялық қарсыласы Баярху Ганбаатармен болған жекпе-жекте жеңіске жетті. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Бек Нұрмағанбет Нидерландтан келген Ник Денуерден мықты болды. +91 келіде өнер көрсеткен Нұрлан Сапарбай қарсыласы сербиялық Сергей Кальчугиннен басым түсті.

Серіктес жаңалықтары