20338
Коронавирус: 2,8 миллиондай визаның күші жойылды
Коронавирус: 2,8 миллиондай визаның күші жойылды

Жапония билігі Қытай азаматтарына коронавирустың таралуына қарсы күрес жүргізу шаралары аясында берген 2,8 миллионға жуық визаның күшін жояды. Бұл туралы жұма күні Kyodo агенттігі хабарлады, – деп жазды ҚазАқпарат.
Мәселе құрлықтық Қытай, Гонконг және Макао тұрғындарына қатысты болып отыр. Бұдан басқа, Жапонияға кіру визаларынан Оңтүстік Кореяның 17 мыңға жуық тұрғыны айырылады. Шаралар 9 наурыздан бастап күшіне енеді. Қазіргі кезде Жапонияда коронавирусқа шалдыққан адамдардың саны 1 мыңнан асқан, соның ішінде 12 адам көз жұмды. Індетті жұқтырғандардың арасында көбі (696 адам) – Diamond Princess круиздік лайнердің жолаушылары мен мүшелері.