260
Мейрам күндері ауа райы қандай болмақ?
Мейрам күндері ауа райы қандай болмақ?

Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Алдағы тәулікте оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста арктикалық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын, әсіресе қар жауады. Бірақ республиканың солтүстік және батыс облыстарына жылжыған суық және кең антициклон, қалған аумақтарға да тез тарайды. Сондықтан 8 наурыз мерекесі күні Қазақстанда салқын, бірақ ала бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні республиканың батыс облыстарына Қара теңізден жылы ауа ағымдары жылжығандықтан күн жылынады», – делінген хабарламада.