244
"Ауылдан еш айырмасы жоқ": Елімізде 14 қаланың мәртебесі өзгереді
"Ауылдан еш айырмасы жоқ": Елімізде 14 қаланың мәртебесі өзгереді
Елімізде 14 қаланың мәртебесі өзгертіледі. Бұл жөнінде Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты.
«Кейбір аудандық маңызы бар қалалардың халық саны, экономика құрылымы және өмір сүру жағдайлары ауылдық елді мекендерден еш айырмашылығы жоқ болғандықтан олардың мәртебесін өзгерту мәселесі туындап отыр. Халық саны бойынша өз мәртебесіне сай келмейтін елімізде мұндай 14 қала (Ақмола облысында – 3 қала, ШҚО-да – 2, Қарағанды облысында – 2, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында - 1, СҚО-да - 2) бар», - деді Үкімет басшысы.
А.Маминнің айтуынша, қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық жоспардың 74-тармағына және 2020 жылға арналған Үкіметтің заң жобалау жұмысы жоспарына сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі «Аудандық, қалалық және аудандық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр. Заң жобасы Парламентке 2020 жылдың қыркүйегінде енгізіледі.