242
Автобус қағып кеткен әйелдің екі аяғын кесуге тура келді
Автобус қағып кеткен әйелдің екі аяғын кесуге тура келді
Дәрігер Алматыда микроавтобус қаққан 61 жастағы әйелдің екі аяғын кесуге мәжбүр болды.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің жағдайы туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әйел Шұғыл медициналық көмек беру ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсетті. Қазір ол аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Екі аяғына ампутация жасауға тура келді. Травамтикалық шок алған. Сол жақ жауырыны сынып кеткен», - деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға бүгін таңғы 7-де Алмалы ауданында болды. «Форд Транзит» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде Мақатаев көшесімен келе жатқанда Чайковский көшесіне жетпей автобус аялдамасын соққан. Аялдамада тұрған 61 жастағы әйел ауыр жарақат алды.