224
Алматыда мас жүргізуші аялдамадағы әйелді қағып кетті
Алматыда мас жүргізуші аялдамадағы әйелді қағып кетті
Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші аялдамада тұрған 61 жастағы әйелді қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқыс оқиға таңғы 7-де Алмалы ауданында болған. «Форд Транзит» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде Мақатаев көшесімен келе жатқанда Чайковский көшесіне жетпей автобус аялдамасын соққан. Аялдамада тұрған 61 жастағы әйел ауыр жарақат алды. Соның артынан шетте тұрған «Тойота Камри» көлігін соғып барып аударылып қалған. Әйел адам шұғыл ауруханаға жеткізілді. Басқа жапа шеккендер жоқ.
«Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша оқшаулау орнына қамалды», - деді ПД баспасөз қызметінен.