Мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы – әйелдер

Мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы – әйелдер

Мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы – әйелдер
ашық дереккөзі
20275
Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы –әйелдер. ҚазАқпараттың жазуынша, бүгінгі таңда аталмыш өңірде мемлекеттік қызметте 7940 адам еңбек етуде. Бұл көрсеткіш бойынша ШҚО республикада екінші орында. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 41. Оның ішінде 196 адам зейнет жасына таяғандар. Әйелдердің үлесі – 64%. Ал 17 пайызы басшылық лауазымдарды атқаруда. Мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызы жоғары білім алған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы: «Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметтен басқа жұмысқа ауысатындар көп. Бұған көбінесе жалақының аздығы, жүктеменің көптігі, жұмыс кестесінің ауыр болуы себеп», – деді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметшілерге былтыр жыл соңында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңға енгізілген өзгерістерді түсіндіріп, тағайындалатын жаза түрлерін айтып берді.

Серіктес жаңалықтары