Елімізге Қытайдан келген 315 адам карантинде жатыр

Елімізге Қытайдан келген 315 адам карантинде жатыр

Елімізге Қытайдан келген 315 адам карантинде жатыр
ашық дереккөзі
20242
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі 2020 жылдың 1 ақпаны – 1 наурызы аралығында барлық елдерден Қазақстан Республикасына 1 606 851 адам келгенін мәлімдеді, – деп жазды ҚазАқпарат. «Сонымен қатар ЕАЭО аумағынан 938 309 адам келді. 6 ақпан мен 1 наурыз аралығында ҚХР-дан 32 456 адам келді. Санитарлық дәрігердің қаулысына сай, санаттар бойынша айта кетейін. 1А санатындағы, яғни Қытайдан келген 20 ақпан мен 4 наурыз аралығында 315 адам (64-і Қазақстан азаматы, 251-шетелдіктер, оның ішінде 248-і Қытай азаматы) қазіргі таңда карантинде жатыр. Иран Ислам Республикасынан осы аралықта 24 адам келген. Оның ішінде қазақстандықтар – 9, қалған 15-і ирандықтар», – деді Қазмедиада өткен баспасөз мәслихатында Диас Ахметшәріп. Қазіргі уақытта 63 адам лабораториялық тексеруден өтіп, олардан вирус анықталмаған. «1Б санатына Қытайдың Гонк-Конг арнайы әкімшілік ауданы, сол сияқты Макао, Тайвань, Жапония және Италия кіреді. Осы 1Б санаты бойынша үй карантинінде 512 адам жатыр. Оның ішінде 393-і Қазақстан азаматы болса, 119-ы – шетелдіктер, атап айтқанда 50-і Корея, 65-і Италия, 4-еуі Жапония азаматы. ЖРВИ және тұмау белгілерімен 12 адам стационарға жатқызылды. Оның 9-ы Кореядан келген. Италиядан 1 адам және Мальтадан келген 1 адам бар», – деді ол. Сондай-ақ, Сингапур, Таиланд және Әзербайжан елдерінен 20 ақпан мен 3 наурыз аралығында 1965 адам мониторингіге алынып, алғашқы 14 күндік дәрігердің бақылауына алынған. «1 адам қашықтық бақылауда. 15 адам лабораториялық тексеруден өтті. Оның 14-і вирус анықталған жоқ. Қалған бір анализ әлі тексерілуде. 1 ақпаннан бастап екінші санат бойынша ЖРВИ және тұмау белгілерімен ауруханаларға 23 адам жатқызылды», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары