552
Сарапшы вирусқа қарсы препараттарды атады
Сарапшы вирусқа қарсы препараттарды атады

ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау жəне дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова еліміздің дәріханаларында вирусқа қарсы барлық препараттар жеткілікті екенін айтты.
«Парацетамол, ацикловир, оксолин майы секілді вирусқа қарсы барлық препараттар дәріханаларда жеткілікті. Кез келген вирустық аурудың алдын алу үшін жеке гигиенаны сақтау қажет және оксолин майы өте жақсы көмектеседі. Маска жетіспеушілігі бойынша мәселе туындаса, Оксолин майын сатып алған анағұрлым тиімді. Одан да басқа аурудың алдын алатын препараттар бар және барлығы дәріханаларда жеткілікті», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде.