Анасымен жанжалдасқаннан мектеп оқушысы көп қабатты үйден секірмек болған (видео)

Анасымен жанжалдасқаннан мектеп оқушысы көп қабатты үйден секірмек болған (видео)

Анасымен жанжалдасқаннан мектеп оқушысы көп қабатты үйден секірмек болған (видео)
ашық дереккөзі
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Шахтинск қаласының полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетпек болған жасөспірімді өлім аузынан алып қалды. 102 телефонына Шахтинск қаласындағы жалпы білім беретін орта мектептің сынып жетекшісінен хабарлама түскен. Мұғалім 14 жастағы мектеп оқушысы Жеңістің 40 жылдығы көшесіндегі №58 үйдің шатырында өзіне-өзі қол жұмсамақ болып тұрғанғанын мәлімдеген. «Полиция бөлімінің жедел кезекшісі оқиға орнына құрамында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері аға лейтенант Дулат Ситахметов пен аға лейтенант Айдос Ыбыраев бар «01-10» автопатрулін жіберген. Олар суицидтің алдын алып, қыз баланы аман алып қалды», – деп хабарлады Полиция департаменті. Анықталғандай, кәмелетке толмаған бала анасымен жанжалдасқаннан кейін осындай қадамға барған.