229
Арыс пен Отардағы оқ-дәрілерді жою кезінде миллиардтар қолды болған
Арыс пен Отардағы оқ-дәрілерді жою кезінде миллиардтар қолды болған
Арыс пен Отардағы оқ-дәрілерді жою барысында 1,7 млрд теңге ұрланған.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қалалық экономикалық тергеулер департаменті бірінші тергеу басқармасының басшысы Болат Хамитов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазтехнология« АҚ-ында Арыс пен Отар қаласындағы әскери бөлімдердің соғыс оқ-дәрілерін жою барысында металл сынықтары мен металдарды сату арқылы 1,7 млрд теңге қаражатты ұрлау фактісі анықталды», - деді ол.
Болат Хамитовтің айтуынша, аталған акционерлік қоғам басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалған. «Дегемен, сотқа дейінгі тергеудің бастапқы кезеңінде тұрмыз. Сондықтан мәліметтерді жария етуге болмайды», - деді басқарма басшысы.