Жамбыл облысында заңсыз жанармай тасымалдауға арналған жерасты магистралі анықталды

Жамбыл облысында заңсыз жанармай тасымалдауға арналған жерасты магистралі анықталды

Жамбыл облысында заңсыз жанармай тасымалдауға арналған жерасты магистралі анықталды
ашық дереккөзі
249
Қазақстан шекарашылары жанар-жағармайды шекара арқылы тасымалдауға арналған жерасты магистралін анықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады. «Мемлекеттік шекараның күзетін қамтамасыз ету міндеттерін атқару барысында қазақстандық шекарашылар қырғызстандық әріптестерімен бірлесіп, қазақ-қырғыз шекарасы бағытындағы Жамбыл облысының шекара маңындағы аумағынан жер астына қазып төселген екі пластикалық шлангіні анықтады. Шлангінің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылды. Алдын ала болжам бойынша, анықталған жайт шекара арқылы заңсыз отын тасымалдауға арналған, жақсылап жасырылған жер асты магистралі болуы ықтимал», - делінген хабарламада. Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізілуде.  

Серіктес жаңалықтары