Түркістан туризм орталығына айналады

Түркістан туризм орталығына айналады

Түркістан туризм орталығына айналады
ашық дереккөзі
1612
Еліміздің оңтүстік өңіріне жасаған сапарының екінші күнінде Түркістан об­лысының бірқатар шалғай елдімекендерін аралап, әйгілі Отырарға ат ба­сын тіреген Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Бай­бек Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Отырар архео­ло­гиялық қорық музейінде өңірдің ел ағаларымен және зиялы азаматтармен кездесті. Басқосу барысында өңірдің жай-күйі, мәдениет, руханият, білім, туризм са­ла­лары, өнер мен тілдің ахуалы әңгіме ар­қауына айналып, келелі кеңеске ұласты. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары жиналғандарға осы сапарының мақса­ты­на тоқталып, саяси ұйымның қолға алған істері мен алдағы жоспарлары жайында кеңінен әңгімеледі. «Елбасының шешімімен Түркістан түркі әлемінің рухани астанасы атанды. Күз­де мұнда үлкен іс-шара өтіп, оған түр­кі елдерінің басшылары келеді. Мұндай жиын­дар өңірге туристер тартуға да оң ықпалын тигізеді. Дұрыс ұйымдастырса, туризм саласында көп жұмыс орындарын ашуға болады. Мұнда туризм жақсы да­мып келеді. Арыстанбабқа келіп жатқан ха­лықтың саны жыл сайын өсуде. Осыны дұрыс пайдалана білу керек. Жалпы, руха­ниятсыз ел болмайды. Мәдениет, дәстүр, тіл, өнер секілді рухани құндылықтар – партиямыздың да басты басымдықтары. Саяси ұйымымыз асыл өнеріміз – айтыс­ты, жыр-термелерді, ұлттық спортты қол­дап келеді. Елбасы бастамасымен қол­ға алынған «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы да осыған бағытталған», – деді Бауыржан Байбек. Белгілі жазушы Мархабат Байғұт партия айтыспен қатар көркем әдебиетке де көбірек көңіл бөліп, осы кезге дейін іс­ке асырыла бастаған «Бір ел – бір кітап» деген акцияны партиялық бақылауға алып, оны қайта жандандыру арқылы аясын кеңейтуді ұсынды. Сонымен бірге жаңадан облыс орталығы болып отырған  Түркістанды, адамзаттың алтын бесігі бол­ған Қазығұртты әртүрлі әдеби-мәдени шаралар арқылы насихаттау, «Түркістан­ның тайқазаны – түркілердің ой қазаны» деген тақырыппен сана сапасын ар­т­ты­ратын жақсы кітаптарға, жақсы драмалық шы­ғармаларға, басқа да мәдени-рухани дү­ниелерге байқаулар ұйымдастырса де­ген тілегін де жеткізді. Ал осы өңірдің тү­легі, әйгілі айтыскер ақын Әселхан Қа­лыбекова Nur Otan партиясының ай­тысқа бет бұрып, қолдап жатқанына риза­шылығын білдіріп, оны өрістете беру қажеттігін айтты. Сондай-ақ кездесуде өңірдегі мек­тептердің жетіспеушілігі, жасөспірімдер ара­сындағы қылмыс, суицид секілді жұрт­шылықты толғандырған түйткілді жайт­тар да сөз болып, олардың алдын алу ша­­ра­лары талқыланды. Nur Otan пар­тиясының доктринасында да жастар мен ұрпақ тәрбиесіне ерекше маңыз берілген.

Серіктес жаңалықтары