303
Мемлекет басшысы Абайдың әнін орындаған "Барыс" капитанына алғыс айтты
Мемлекет басшысы Абайдың әнін орындаған "Барыс" капитанына алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Барыс" клубын Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтады.
Президент өз құттықтауын Instagram желісіндегі парақшасына жазды.
"Барыс" клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс "Барыс" клубын жаңа жетістіктерге жетелесін", - деді ол.