Қазақстандықтар жер учаскелерін онлайн түрде ала алады

Қазақстандықтар жер учаскелерін онлайн түрде ала алады

Қазақстандықтар жер учаскелерін онлайн түрде ала алады
ашық дереккөзі
512
Қазақстанда 2020–2022 жылдары жер учаскелерін онлайн режимде алу қызметі басталады. Электронды үкіметтің сайтына кіру арқылы өтініш беруге болады, деп хабарлады krisha.kz. Қазіргі уақытта жер алу үшін әртүрлі 38-ге жуық қызмет жасалады, ал олар бір жылға дейінгі уақытты алады. Жобаны іске асырғаннан кейін қызметтер саны 19-ға, ал жер участкесін алу мерзімі бір айға дейін қысқарады. Биыл республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарындағылар жер участкесін онлайн режимде ала алады деп жоспарлануда. Алдымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Ақтөбеде пилоттық жоба іске қосылады. 2021 жылдың IV тоқсанында басқа қалалар мен облыс орталықтарында, ал 2022 жылға қарай бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істей бастайды. Жобаны іске асыру жылжымайтын мүлік пен жерді тіркеумен байланысты процестерді оңтайландырады және ашық етеді деп күтілуде. Ал жерді алу тәртібі адамдар үшін анағұрлым ыңғайлы болмақ.

Серіктес жаңалықтары