2 Наурыз, 09:55 551 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 87 мыңнан асты

Қытайдан өзге мемлекеттерде коронавирус жұқтырғандар саны 7169 адамға жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегі осындай, деп жазады РИА Новости.

Соңғы тәулікте вирус жұқтырудың жаңа 1160 жағдайы тіркелген. Қауіпті дерт 58 елге тарап, 104 адамның өмірін қиды.

Коронавирус 5 жаңа мемлекетке тарап үлгерді. Ауруды жұқтырудың жаңа жағдайлары Эквадорда, Израильде, Мексикада анықталды.

Бүгінде әлем бойынша 87 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырған.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 947-ге жеткенін хабарлаған болатынбыз. Елде қатерлі індеттен 12 адам көз жұмды. 50-ге тарта науқас ауыр халде жатыр.

Сондай-ақ, Финляндияда коронавирус жұқтырудың жаңа 2 дерегі анықталған. Вирус зейнет жасындағы ер адамнан және бүлдіршіннен анықталған. Екеуі де үйлерінде карантинде жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар