222
Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жанжалға не түрткі болғанын айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жанжалға не түрткі болғанын айтты
ҚР Президенті Қордай ауданындағы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесуінде 7 ақпандағы жаппай тәртіпсіздікке не түрткі болғанын айтты.
«Ауданда бір топ адам белсенді түрде контрабандамен айналысып жүрген. Бұл – белгілі нәрсе. Осы іске басқа топ та қатысқысы келген. Бір сөзбен айтсақ, заңсыз табыс көзі үшін екі қылмыстық топтың арасында текетірес пайда болған. Бұл текетірес салдарынан көп адам зардап шекті. 11 адам қаза тапты. Оны ашық айту керек. Енді құқық қорғау органдарының алдында тұрған мақсат – барлық қылмыскерлерді ұлтына қарамай, заңға сәйкес жазаға тарту. Онсыз елімізде тәртіп болмайды», – деді Президент.