Екібастұзда полиция қызметкерінің денесі табылды

Екібастұзда полиция қызметкерінің денесі табылды

Екібастұзда полиция қызметкерінің денесі табылды
ашық дереккөзі
397
Екібастұзда қалалық полиция қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.   "Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды", – деді облыстық полиция департаменті. Бұған дейін әлеуметтік желіде ресейлік нөмірмен жүрген көлікте 27 жастағы полиция қызметкерінің денесі табылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Хабарламада оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені айтылған. Оқиға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне ("адам өлтіру") сәйкес іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәсі дәлелденген адам сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.  

Серіктес жаңалықтары