Алматы әуежайында Қытай мен Ираннан келушілерге арналған транзиттік зал ашылды

Алматы әуежайында Қытай мен Ираннан келушілерге арналған транзиттік зал ашылды

Алматы әуежайында Қытай мен Ираннан келушілерге арналған транзиттік зал ашылды
ашық дереккөзі
297
Алматыда қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалық етуімен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі аймақтық штабтың отырысы өтті.  ҚазАқпараттың хабарлауынша, жиында Алматының қазіргі жағдайы пысықталып, әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының күрт өсуі ескеріле отырып қабылданатын санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту туралы шаралар барысы сөз етілді. 1 наурызынан бастап Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің Қазақстандағы коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулысы күшіне енді. Осылайша өзге елдердегі коронавирустың таралу деңгейін ескеріп, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізудің үш жіктемесі анықталды. Бірінші санатқа сәйкес ҚХР, Иранда 14 күнге медициналық бақылау арқылы арнайы бөлінген үй-жайларға оқшауланады. Ол жерден шығарылғаннан кейін 10 күннің ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының бақылауында болмақ. Ал Гонконг, Макао, Тайвань, Оңтүстік Корея, Жапония, Италияда күнделікті медициналық қызметкердің бақылауында әрі 10 күн бойы үйінде карантинге жабылады. 2 санат – Сингапур, Тайланд, Әзербайжанда – 14 күн бойы медицина қызметкерінің бақылауында болып, содан кейін 10 күн қоңырау шалу арқылы қадағалауға алынады. 3 санат – Германия, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Франция, Бахрейн, Кувейт, Испания, Малайзия – ҚР шекарасын кесіп өткен күннен бастап 24 күн бойы қоңырау шалу арқылы медицина қызметкерінің бақылауына алынады. Бүгінде Алматыдағы барлық емханаларда оқшаулағыш, провизорлық төсектер дайын. Сүзгілердің жұмысы қалыпты, респираторлар мен вирустан қорғайтын басқа да құралдар саны жеткілікті. Коронавирустық инфекцияға күдікті адамдарды жедел тексеру жүргізіледі. Қосымша төсек-орындар ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдануда. «Қаланың медициналық ұйымдары коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін өзінің функционалдық міндеттерін орындауға дайын. Қаланың медициналық кадрларымен дайындық жұмыстары жүргізілді. Медицина қызметкерлері коронавирустық инфекцияның тапалуына жол бермеу үшін іс-шараларды жүзеге асыруға толық дайын», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев. Мегаполистегі барлық көлік бағыттары да бақылауға алынды. Халықаралық әуежай аумағында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген елдерден келген барлық адамдар эпидемиологтардың бақылауына алынды. Алматыға 6 ақпаннан бастап 13 мыңнан астам жолаушы келді. 35-ке жуық эпидемиолог қалаға келген барлық рейстерді тексерді. «Келген адамдарға біз тұрақты медициналық бақылау жүргіземіз», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова. Алматы қаласының әуежайында қосымша 1 санаттағы жолаушыларға арналған жаңа транзиттік зал ашылды. Отырыс қорытындысы бойынша өңірлік штаб төрағасы Е. Бабақұмаров барлық мемлекеттік мекемелерге, оның ішінде мектептерге, жоғары оқу орындарына жалпыға ортақ пайдалануға қолжетімді антисептикалық және дезинфекциялық құралдардың болуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Вирустардан қорғайтын құралдар адамдар көп шоғырланатын жерлерге де қойылуы тиіс. Тиісті ұсыным хаттар сауда орталықтарының, ХҚКО және т.б. әкімшіліктеріне жіберілді. Бұдан басқа тұрғындар арасында да вирустың алдын алуын қамтамасыз ету шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігі жүктелді.  

Серіктес жаңалықтары