ДДҰ коронавирус қауіпінің жоғары деңгейін жариялады

ДДҰ коронавирус қауіпінің жоғары деңгейін жариялады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус Twitter арқылы трансляция жасалған баспасөз маслихатында ДДҰ Covid-2019 қауіп көрсеткішін барынша жоғары деңгейге дейін көтергенін мәлімдеді.
ДДҰ өкілдерінің мәліметінше, жаһандық деңгейде коронавирус әлі пандемия емес, әзірге бұл әртүрлі елдердегі індет қана. ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы Covid-2019 коронавирусының таралу жағдайы бойынша (28 ақпан 22:30-дағы жағдай бойынша) ақпарат таратты. Соңғы тәулікте тағы үш елде (Беларусь, Литва және Нидерланд) вирус жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталғаны туралы хабарланды. Еуропада ауру жұқтыру жағдайларының расталған саны – 1123, одан көз жұмғандар – 23.