Украина Жеңіс күнін тойлаудан бас тартты

Украина Жеңіс күнін тойлаудан бас тартты

Украина Жеңіс күнін тойлаудан бас тартты
ашық дереккөзі
292
Украина 9 мамырда Жеңіс күнін тойламайды. Жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында елдің Сыртқы істер министрі Вадим Пристайко осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады life.ru. «Біз 9 мамырды тойлағалы жатқан жоқпыз. Еуропадағы өзге мемлекеттер секілді біз де 75 жылдан кейін бұл трагедиядың неліктен болғанын түсініп, бір-бірімізді кешіруге дайынбыз. Біздің пікірімізше, мереке осы бағытты ұстануы керек», – деді министр. Вадим Пристайко бұған дейін де талай шулы мәлімдемелерімен көзге түскен.  Мәселен, Россия мен Белоруссия арасында соғыс болады деп «болжаған»  да осы министр болатын. Сондай-ақ, Пристайко Батыс елдерін Украинаның Ресейді «саяси оқшаулау» жоспарына кедергі келтірді деп айыптаған. Айта кетейік, ресми Мәскеу Жеңістің 75 жылдығына орай өтетін мерейтойлық салтанатқа бірқатар елдің басшысына шақырту жіберді. Атап айтқанда, АҚШ президенті Дональд Трамп, Франция кқшбасшысы Эмманюэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Жапония премьері Синдзо Абэ, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин және басқа да көшбасшылар шақырылып отыр. Олардың көпшілігі Ресей шақыртуын қабыл алып, Мәскеуге келетіндерін мәлімдеген.    

Серіктес жаңалықтары