Nur Otan сайлаушылармен жұмыс істеудің тың тәжірибесін қолданбақ

Nur Otan сайлаушылармен жұмыс істеудің тың тәжірибесін қолданбақ

Nur Otan сайлаушылармен жұмыс істеудің тың тәжірибесін қолданбақ
ашық дереккөзі
234
Nur Otan партиясы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, сайлаушылармен жұмыс істеудің тың бағыттарын қолданбақ. Нақтырақ айтқанда, партияішілік сайлаулар өткізу тәжірибесі енгізіледі. Бұл туралы Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесуінде Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаев мәлімдеді.   Арман Қырықбаевтың айтуынша, партия мықтыларды анықтау үшін әуелі өз ішінде «сайлау» өткізеді. Іріктелген азаматтар Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауалды тізіміне енгізіледі. «Кандидаттарды іріктеудің бұл тәсілі беделді әрі халықтың қолдауына ие көшбасшыларды іске жұмылдыруға мүмкіндік береді. Праймериз ел тұрғындарының партияға сенімін арттырып, халық танитын кандидаттардың тізімін түзуге әрі белсенді азаматтардың партия мүшелерінің қатарына қосылуына жол ашады», – дейді партия хатшысы. Айта кетерлігі, праймериз – Nur Otan партиясы бұрын-соңды қолданбаған  тың тәжірибе.  Партияның кез келген мүшесі, тіпті, партия қатарына кірмеген, алайда оның ұстанымдарын қолдайтын барлық азаматтар партияішілік іріктеуге қатыса алады.

Серіктес жаңалықтары