"Мәңгілік ел" арнайы пойызы сапарға шықты
"Мәңгілік ел" арнайы пойызы сапарға шықты
Кеше Астана станциясынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» арнайы пойызы сапарға аттанды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Пойыз құрамында Қазақстан халықтары Ассамблеясы, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, әлеуметтік сала мамандары, дәрігерлер, заңгерлер, әртістер мен спортшылар бар. Акцияның мақсаты – Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері туралы баяндау.
«Біздің дөңгелекті шаңырағымыз еліміздің бүкіл өңірлерін біріктіреді. Халықтар арасындағы татулықты қалыптастырады. Бұл арқылы Мемлекет басшысының бейбітшілік пен келісім саясаты аясына қоғамды топтасуға шақырады», – дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Б.Камалиев.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жасақтаған пойызда 9 вагон бар. Ол 33 станциядағы жергілікті тұрғындарға медициналық, құқықтық, қаржылық және бизнес қызмет түрлері көрсетіліп, Жолдау жолдары, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық стратегия мәні түсіндіріледі. Әрбір станцияда Қазақстанның өнер шеберлерінің қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Жергілікті кәсіпкерлерге бизнес туралы ақпараттар беріледі. Пойыз құрамындағы білікті мамандар әлеуметтік топтардың барлық деңгейін қамтиды. Акция Алматы қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында наурыздың 18-інде аяқталады.