212
Ассамблея сараптамалық қызметін күшейтеді
Ассамблея сараптамалық қызметін күшейтеді
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, – деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясының және өңірлік Достық үйлерінің жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат ұсынылды.
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараты мәдени және ойын-сауық іс-шараларға емес, ең алдымен сараптамалық жұмыстарға баса мән беру керегін атап өтті.
– Біз 30 жылдың ішінде қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығының арқасында бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік. Көпұлтты мемлекет болуымыз – біздің артықшылығымыз, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы аппараты мен өңірлік өкілдіктерінің қызметін жандандыру үшін аудит өткізуді тапсырды.
Ж.Түймебаев Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық қызметін күшейту және этносаралық қатынастар саласында зерттеулер жүргізу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Сонымен қатар Елбасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады.
Кездесу барысында дін саласының қазіргі ахуалы талқыланып, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударылды.