212
Павлодарда 19 жастағы мектеп мұғалімі зорланды
Павлодарда 19 жастағы мектеп мұғалімі зорланды
Павлодар облысының Аққулы ауданы Майқарағай ауылында 19 жастағы мұғалімді зорлап кетті. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау бойынша қажетті тергеу амалдары, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - дейді департаменттегілер.
Белгілі болғандай, Майқарағай ауылына жақында ғана жұмысқа келген 19 жастағы қыз мектеп маңында зорланған.
Аталған дерек бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Полиция мәліметінше, тергеу аяқталғанша өзге ақпарат жарияланбайды.