Саакашвили вирус боп оралды

Саакашвили вирус боп оралды

Саакашвили вирус боп оралды
ашық дереккөзі
287
Грузия Сыртқы істер министрлігі Ресей Қарулы күштерінің әскери барлау бөлімін грузиялық сайттарға, соның ішінде ел президенті әкімшілігінің, үкімет, сот және телеарналардың сайттарына кибершабуыл жасады деп кінәлады. 2019 жылғы 28 қазанда Грузияның жалпы саны 2 000-ға жуық сайты істен шығып, бірнеше телеарналардың жұмысы тоқтап қалған болатын. Дәл сол уақытта көптеген веб-сайттардың бірінші бетінде Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің ағылшын тілінде жазылған «Мен ораламын» деген жазуы бар сурет орналастырылған. Бұл келеңсіз жайттың туындау себебін жуырда анықтаған Грузияның Сыртқы істер министрлігі «Бұл кибершабуыл Грузияның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы бағытталған әрекет» деп мәлімдеді. Мұндай іске бей жай қарамаған АҚШ Үкіметі, соның ішінде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео бұл Ресей әскері жалдаған хакерлердің қитұрқы әрекеті екенін айтып, соның ішінде Ресей Қарулы күштеріне қарасты 74 455 нөмірлі әскери бөлімді кінәлі деп тапты. АҚШ-пен қатар, Грузияға қолдау білдірген Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Доминик Раабтың мәлімдеуінше, Ұлыбритания, Грузия және өзге де шетелдік серіктестер бірлесе отыра, бұл кибершабуылға Ресей әскери барлау қызметінің кінәсі бар екенін анықтады. Егжей-тегжей зерттеу жүргізген Британия Ұлттық қауіпсіздік орталығының мәліметінше, өзге елдің интернет кеңістігіне қол сұққан ресейлік мамандар 95% бұл іске кінәлі.

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары