"Саламатты Қазақстан" пойызы жолға шығады

"Саламатты Қазақстан" пойызы жолға шығады

"Саламатты Қазақстан" пойызы жолға шығады
ашық дереккөзі
255

Алдағы дүйсенбі, яғни, 15 ақпан күні  Саламатты Қазақстан»   консультациялық-диагностикалық медициналық пойызы   Қарағандыдан шағын стансылар мен оларға жақын маңдағы ауылдарға    қызмет көрсету  мақсатында жолға шығады.

 2016 жылдағы алғашқы сапарында «Саламатты Қазақстан» пойызының ақ халаттылары Қарағанды облысының 19 стансасын араламақ. Мұндай ақпаратты Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетітінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов баспасөз мәслихаты барысында хабарлады.Руслан Иманқұловтың айтуынша, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы екі маңызды әлеуметтік міндетті шешеді. Ол – медициналық  қызметтің жалпыға қолжетімділігі және азаматтардың тұрған өңіріне қарамастан сапалы медициналық қызметтер ұсыну.

«Саламатты Қазақстан» пойызы әр стансада кемінде 18 сағат аялдайды. Сондай-ақ, пойыздардың кестесі елді мекендерге алдын ала хабарланады. Айта кетейік, жолға шығатын денсаулық пойызы барлық диагностикалық құрылғылармен жабдықталған. Ал халыққа тегін медициналық қызметті 18 жоғары білікті медициналық дәрігер көрсетеді. Ауыл тұрғындарына кепілдендірілген медициналық көмекке кірмейтін тегін стоматологиялық көмектер де көрсетіледі деп күтілуде.

«Саламатты Қазақстан» консультациялық-диагностикалық медициналық пойызы Қарағанды облысының елді мекендерңн 15 ақпаннан 16 наурызға дейін аралайтын болады.

Серіктес жаңалықтары