Допингке қарсы тәуелсіз комиссия құрылды

Допингке қарсы тәуелсіз комиссия құрылды

Допингке қарсы тәуелсіз комиссия құрылды
ашық дереккөзі
303

Еліміздің бас қаласында Допингке қарсы тәуелсіз комиссия құрылды. Аталмыш комиссияны құру Ұлттық Олимпиада Комитетінің бастамасымен жүзеге асты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл комиссия Қазақстандағы допингке қарсы жүйенің жетілуіне ықпал етеді. Қазіргі уақытта допингке қарсы Тәуелсіз комиссия өзінің жұмысын Алматы қаласындағы Ұлттық допингке қарсы орталық пен допингке қарсы зертхананың жұмысын бақылаудан бастамақ. Яғни, комиссия аталмыш ұйымдардың допингке қарсы халықаралық қозғалыстармен өзара әрекеттестігінің механизмдерін зерделейді.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Тимур Құлыбаев: «Допингке қарсы Тәуелсіз комиссия құрудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы допингке қарсы бақылау жүйесін жетілдіру мен «таза спортшыларды» қорғауды күшейту болмақ. Комиссия мүшелерінің  қатарында спорт қоғамдастықтарының және үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері, медицина қызметкерлері, заңгерлер бар.  Кейін оның құрамына  халықаралық деңгейдегі допингке қарсы қозғалыс сарапшыларын енгізуді  жоспарлап отырмыз.  Қазақстандық тәуелсіз Комиссия дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (WADA) ықпалдасып жұмыс істейді», – дейді.

Серіктес жаңалықтары