Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. 

Елбасына 2020 жылдың қаңтарында ақша-несие саясатын жүзеге асыру, елдің алтынвалюта активтері мен Ұлттық қордың ахуалы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Ұлттық банк төрағасы «Бес әлеуметтік бастама» аясындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы баяндап берді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру барысы да күнтәртібінде талқыланды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button