Садақа жәшіктерін қолды еткен алаяқ ұсталды

Садақа жәшіктерін қолды еткен алаяқ ұсталды

Садақа жәшіктерін қолды еткен алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
КТК арнасының хабарынша, ұрлықшы Алматыдағы дүкендерді аралап жүріп, өзін қайырымдылық қорының мүшесі деп таныстырған, сөйтіп садақа жәшіктерін алып кетіп отырған. 31 жастағы ер азаматтың бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. – Бұл жәшіктер көбіне науқас балаларды емдеуге ақша жинау үшін қойылған. Ұры оны алып кетіп өз мақсатына жаратқан. Ол 4 дүкеннен осындай жәшікті алып кеткен. Бүгінгі таңда ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысын бар-жоғын тексеріп жатыр. Күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды, – деді Түрксіб ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Мулинов.