Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, жолдар жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, жолдар жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, жолдар жабылды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында боран соғып, облыстық, республикалық маңызы бар кей жолдар жабылды. Қар құрсауында қалған 13 адамға көмек қажет болды, деп хабарлады СҚО Төтенше жағдайлар департаменті. Боран, көктайғақтың салдарынан «Жезқазған-Петропавл» тас жолының Ақмола облысы мен Новоишимка елді-мекеніне дейінгі аралық, «Екатеринбург-Алматы» тас жолының Қостанай және Ақмола облыстарының шекарасына дейін және «Көкшетау-Рузаевканың» Саумалкөл мен Рузаевка аралығы жабылды. Жолдарды қар алып қалуына байланысты Есіл және Ғ.Мүсірепов аудандарының аумағында жергілікті атқарушы органдар, ЖШС және құтқарушылар 5 жеңіл көлікті эвакуациялады. Оларда 12 жолаушы болған, ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. 4 ақпан кешқұрым Ғ.Мүсірепов ауданында «Екатеринбург-Алматы» жолының Тоқсан би ауылының маңында МАN маркалі машина жол шетіне түсіп кеткен. СҚО ТЖД мамандары, жергілікті атқарушы органдар және ДЭУ-66 кәсіпорнының көмегімен жүк көлігін шығарып, ол жолын жалғады.