Коронавирус: ауруханаға түскен науқастардың сынама нәтижесі үш күнде анықталады

Коронавирус: ауруханаға түскен науқастардың сынама нәтижесі үш күнде анықталады

Коронавирус: ауруханаға түскен науқастардың сынама нәтижесі үш күнде анықталады
ашық дереккөзі
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин «Біздің мамандар тұмауды, суық тиюді, ЖРВИ-ді болдырмау, коронавирусты анықтау үшін науқастан сынама ала алады. Қазіргі уақытта еліміздің 2 жерінде, Алматы мен Нұр-Сұлтанда биотехнология ғалымдарымен бірлесіп, отандық диагностика қою әдістерін әзірлеудеміз. Ауруханаға түсіп жатқан науқастардың сынамаларын өзіміздің зертханаларға жібереміз. Ол үш күнде анықталады. Қандай да бір қиындық болған жағдайда алгоритмге сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен зертханаға жібереміз», - деді бас санитарлық дәрігер. Бас санитарлық дәрігер қаңтардың 30-на дейін отандық диагностикалау әдісі дайындалатынын атап өтті. Қытайдан келген азаматтарымыз және шетелдіктердің бәрі есепке алынған.