Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Пәкістандағы қар көшкінінен 77 адам қаза тапты

Кашмирдегі қар көшкіннен қаза тапқандар саны 77-ге жетті. Бұл туралы CNN хабарлады. 

Жергілікті билік өкілдері көшкіннің пайда болуына Нилум алқабында қалың қар жаууы әсер еткен деп мәлімдеді. Қаза тапқандардың саны әлі де артуы мүмкін. Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан төтенше жағдайлар агенттігінен, әскерилер мен федералды министрліктерден зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуді сұрады. 

Айта кетейік, биылғы қыс Пәкістанды қатты қыспаққа алды. Жергілікті халықтың айтуынша, соңғы жиырма жылда мұндай қатал қыс болмаған. Кашмирде жауған қар жолдарды жауып, байланыс қызметі үзілді, сонымен қатар электр энергиясын беру қызметі де нашарлады.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button