12 Қаңтар, 18:15 259 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Атырауда жоғалған екі баланың біреуінің денесі табылды

Атырауда жоғалған балалардың біреуінің денесі табылды. Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарламаға сүйенсек, кеше кешкісін жоғалып кеткен 9 жастағы екі баланы іздеу жұмыстары түнде құрғақта, таңертеңнен бері суда жүргізілді. Іздеу жұмыстарына 36 адам мен 6 дана техника жұмылдырылған. Балалардың бірінің денесі Редуть ауылының маңындағы каналдардың бірінен табылды.

Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасуда.

 

Соңғы жаңалықтар