ШҚО-да жол жабық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысында бірқатар жол жабылды, – деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. 

«Құрметті жүргізушілер, ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырымы (Көктума-Достық) аралығы және «Омбы-Майқапшағай» автожолының 756-906 шақырымы (Семей-Қалбатау) учаскесінде жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына, ал «Өскемен-Шемонайха-Ресей Федерациясы шекарасы» автожолының 15-123 шақырымы (Глубокое-Ресей Федерациясының шекарасы) учаскесінде барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды», – делінген хабарламада.

Back to top button